Медицинский центр г.Уральск, Казахстан
Басты бет
Блог
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
   
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
medical_centr@med.mail.kz
 
Стационар
Емхана
Президентінің Жолдауы (31.01.2017)
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттары
  • Қаулы рус каз
  • Дәрігерді үйге шақыру рус каз
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу рус каз
  • Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу рус каз
Услуги онлайн (egov.kz):
 
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 
Фонд Медицинского страхования

ЕХРО 2017 Ролики

______________________________________________________


Пациент дауысы» жобасы

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Сізге 2017 жылдың 16 мамырынан 5 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Пациент дауысы» жобасы басталатындығын хабарлайды. Облыстың әр тұрғыны өз пікірі бойынша осы аталымға лайық дәрігерге өз дауысын бере алады. Ол үшін 87075916903 немесе 87055916903 нөміріне «Рахмет» сөзін жолдап, дәрігердің тегін, атын, әкесінің атын және медицина ұйымын көрсетуі қажет. Мысалы: «Рахмет», Т.А.Ә., №1 емхана. SMS-хабарламаның құны сіздің операторыңызбен белгіленген тарифтерге сәйкес. Жеңімпаздар ең көп дауыс жинау арқылы анықталады, нәтижелері медицина қызметкерлері күні жарияланады. Қаладан және аудандардан ең үздік дәрігерлерді таңдайтын болады.

______________________________________________________

Құрметті азаматтар! 2016 жылдың 10 тамызынан бастап 31 қазанына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша тұрғындардан сұрақтарды жинақтау және тіркеу БҚО денсаулық сақтау басқармасының Саll-орталығының 24-00-06 сенім телефоны, ЖШС «Медициналық орталық» 53-74-47 сенім телефоны бойынша жүргізіледі. Жауаптар соңынан теле-радио хабарларында және баспасөз беттерінде жарияланатын болады.

______________________________________________________

«ҚР және БҚО бойынша 15 пен 19 жастағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялауды жүргізу»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №1 «Қазақстан Республикасында қызылшаның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес 2015 жылғы 9-21 ақпан күндері аралығында 15 пен 19 жастағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау шарасы жүргізілді. Вакинациялауды жүргізудің қажеттілігі жалпы республика бойынша қызылшамен науқастану жағдайларының өсуіне байланысты пайда болды. Қызылша вирустық негіздегі аса ауыр жұқпалы ауру болып табылады. Вакцинациялау кең таралмастан бұрын, 1980 жылы қызылшадан қайтыс болудың 2,6 миллион жағдайы тіркелген. Қызылшаның жоғары контагиозды вирусы жұтқыншақтан бөлінді бар инфекцияны жұқтырған тұлға жөтелгенде және түшкіргенде, онымен тығыз немесе тікелей байланыста болған кезде таралады. Ең қауіпті асқынуларға соқыр болып қалу, энцефалит (бас миының ісінуіне әкеп соқтыратын инфекция), ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциялары және пневмония тәрізді тыныс алу жолдарының ауыр инфекциялары кіреді. Вакцина алмаған ерте жастағы балалар қызылшамен науқастанудың жоғары қаупіне және өлімге әкеп соқтыратын асқынулардың дамуына ұшырағыш келеді. Қызылшаны, иммунитеті жоқ, яғни вакцина алмаған кез-келген адам жұқтырып алуы мүмкін. 2000-2013 жылдары қызылшаға қарсы вакцинациялау 15,6 миллион өлімді болдырмаған. Қызылшаға қарсы вакцина 50 жыл бйы қолданылып келеді. Ол қауіпсіз әрі тиімді. Халықты қосымша иммундау – қоғамдық денсаулық сақтаудың қызылшадан жаһандық өлім-жітімді төмендетуге бағытталған негізгі стратегиясы болып табылады.
Баспасөз қызметі

______________________________________________________

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі ЖШС «Медициналық орталық» Орал қаласы

Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты мен міндеті – халыққа медициналық көмек көрсету барысында туындайтын мәселелерді табу, шешу және көрсетілген медициналық көмектің сапасын арттыру.
    Сіз келесі жағдайларда:
  • көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаған жағдайда
  • медициналық қызметкерлер жағынан өрескелдік байқасаңыз;
  • тегін медициналық көмектің кепілді көлем аясында көрсетілген қызмет үшін медициналық қызметкерлер тарапынан ақша сұрау фактісімен кездезсеңіз;
  • сондай – ақ медициналық жәрдемнің сапасы мен тәртібіне байланысты сұрақтарыныз немесе ұсыныстарыңыз болса Сіз міндетті түрде «Пациенттерді қолдау қызметіне» хабарласыңыз.
  • Сіз, өтінішіңізді, арыз шағымыңызды немесе медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарыңызды, жазбаша түрде, өз байланыс деректеріңізді (аты – жөніңіз, мекен – жайыңыз бен телефон нөмерінізді) көрсетіп қабылдау бөлімшесінің, отбасы денсаулығы орталығы (ОДО) және консультативті – диагностикалық бөлімшелерінің кіреберісінде орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар жәшіктеріне» қалдыруыңызға немесе http: //www.medical-center.kz мекеме сайтындығы medical_centr@mail.ru, электрондық поштасына қалдыруыңызға болады. Сондай - ақ стационарлық пациенттер әр бөлімшеде орналасқан «шағымдар мен ұсынсытар кітабына» өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра алады.

    Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді жан – жақты, қажет болған жағдайда кешенді түрде «пациенттің» қатысуымен қарап, 5 күн ішінде Сізге жауап жібереді Медициналық көмектің сапасы мен тәртібін жақсартуға бағытталған Сіздің пікірлеріңіз бен тілектеріңіз Біз үшін өте маңызды және Сізге алғысымызды білдіреміз.

    Сенім телефондары: Директор № 26 каб : 53-74-47 Бас дәрігер № 26 каб: 53-68-99 Бас дәр пол-ка бойынша орынбасары № 25 каб: 53-69-00 Бас дәр стационар бойынша орынбасары № 34 каб: 53-73-56

    ______________________________________________________


    Медициналық орталық» ЖСШ ұжымы
    Медицина қызметкерлері күніне арналған республикамыздың фармацевт – провизорлары арасында ұйымдастырылған «Үздік провизоры - 2015» байқауында 3 – жүлделі орынға ие болған ұжымымыздың қызметкері
    ӘЙГЕРІМ ЖАСҰЛАНҚЫЗЫН
    «жеңісімен» құттықтайды!
    Алдағы уақытта жаңа қырларыңызбен танылып, іздемпаздығыңызбен, алғырлығыңызбен көзге түсіп, биік белестерді бағындыруыңызға тілекпеспіз!

    ______________________________________________________

    «Медициналық орталық» ЖШС -гі медициналық комек көрсету сапасы қызметін бақылау
    Истаев Азамат Рафхатұлы - медициналық комек көрсету сапасы қызметін бақылау төрағасы
    №26 каб.
    Тел: 53-68-99

    ______________________________________________________

    Назар салыңыз!!!
    Бізде Видео бөлімі пайда болды, сонымен қатар Сіздер видоларды біздің YouTube каналынан қарай аласыздар


Назар салыңыз!!!
Сіз біздің орталықта "PHILIPS NeuViz 16" фирмасының 16 кескінді аппаратында компьютерлік томография өте аласыз
Толығырақ...

 

 

Құрметті мырзалар мен ханымдар!

"Медициналық орталық" ЖШС 200 орындық стационар мен бір ауысымда 200 адам қабылдауға қабілетті кеңес беру емханасын қамтитын көп бағдарлы емдеу мекемесі болып табылады.

Стационар 6 бөлімшеден тұрады: терапия, офтальмология, хирургия, гинекология, неврология, отоларингология. Аурухана "Карл Шторц" және "Рихард Вольф" фирмаларының лапароскопиялық құрылғылары, трансуретралық резектоскоп, уретрореноскоп, гистероскоп, риноскоп, "Карл Цейс" фирмасының микроскопы, "Универсал" факоэмульсификаторы, "ALOKA SSD 1400" (Жапония) және "PHILLIPS HD 11 XE" (АҚШ), фирмаларының УЗД аппараты, "Артдиагност – 5", рентген - нақтамалық кешені, "Ракот" лазерь кешені, т. б. заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Ауруханада операцияның 60% астамы эндоскопиялық әдiстермен жасалады. Жатыр ауруларына жасалатын операциялардың көлемі кеңейді. Аналық бездiң ірің кернеген ісігі, жатырдың түрлі көлемдегі ет өспесі, жатырдан тыс жүктілік, жатырды кесіп тастау жағдайларында лапароскопиялық операция, гистероскопиялық операциялар тиімді жүргізіледі.

Холецистэктомия, аппендэктомия – лапароскопиялық жолмен жасалады. Қуық асты безінің қатерсіз ісігін жою, қуыққа жасалатын уретрореноскопиялық операциялар ойдағыдай нәтиже беруде. Офтальмология бөлiмшесінде "Универсал" факоэмульсификаторы, "Ракот" лазер кешенi қолданылып, отоларингология бөлiмшесінде риноскоиялық операция жүргiзiледi.

Ауруханаға жыл сайын заманауи медициналық аппаратура сатып алынады. Операциялық жолмен араласу және емдеудің қазiргi, тиiмдi әдiстерiнің енгізілуі тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттырады.

"Медициналық орталық" ЖШС 2006 жылы сапа менеджментi ИСО 9001-2001 сәйкес сертификат алды.

"Медициналық орталық" ЖШС басшысы жоғары санатты дәрiгер, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушы – Истаев Рафхат Ажгиреевич.

Қош келдiңiздер!

© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47