Медицинский центр - Функциональная диагностика
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

1 санатты маман
Башембаева Жамила Ахметовна

Рентгенолог дәрігер
Буранова Тамара Абельхаировна

1 санатты эндоскопист дәрігер
Киреев Зиянша Джумабаевич

1 санатты эндоскопист дәрігер
Жармухаметов Малик Талгатович

ЭКГ медбикесі
Камзинова Куляш Турахбаевна

 

Функционалды диагностика (Әрекеттік нақтама)

Функционалды диагностика қазіргі құрылғылардың көмегімен адам ағзасы мүшелерінің немесе органдар жүйесінің қызметін, түрлі жүктемеге бейімделу белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Ультрадыбыстьық диагностика

Ағзаны, тіндерді, тамырларды ультрадыбыстық тексеру (УДТ) медицинаның барлық бағыты (гинекология, урология, кардиология, гастроэнтерология, неврология, тамыр хирургиясы, т. б.) үшін функционалды диагностиканың алмастырылмайтын тәсілі болып табылады. УДТ – мүше мен оның элементтерінің нақты көлемін, қызметін, мүше тіндерінің жағдайын көрсетіп, тамырдағы қан ағымын сипаттайды.

Емхананың 2-ші қабатында 2 УДТ кабинеті жұмыс жасайды. УДТ дәрігері – 1 санатты маман – Башембаева Жамила Ахметовна. УДТ аппараты:ALOKA SSD 1400 (Жапония) және PHILLIPS HD 11 XE (АҚШ). Аппарат көп жиілік (жинақ, бөлім, ішкі қуыс, желі) көрсеткішпен жабдықталған. Жүргізілетін зерттеу бағыттары: түрлі түсті допплер картасын қолданып балалар мен ересектер жүрегін тексеру, құрсақ қуысы мен құрсақ кеңістігі мүшелерін тексеру, кіші жамбас, қуық пен қуық асты безі, қалқанша без, сүт безі, ұма, іштегі баланы тексеру.


Рентген бөлімшесі

Рентген бөлімшесі меңгерушісі – рентгенолог дәрігер – Буранова Тамара Абельхаировна.
Кабинет «Артдиагност – 5» нақтамалық кешенімен және 12.F.7. флюрограф құрылғысымен жабдықталған.
Мықты материалдық-техникалық база, соңғы үлгідегі аппаратура, білікті мамандар төмендегі ауру түрлерін рентген сәулесімен тексерудің барлық түрін жүргізеді:

  • Кеуде қуысы, ас қорыту жүйесі, сүйек-буын жүйесі, омыртқа аурулары, жұлын және омыртқа дамуының ақауы;
  • Бас сүйегі дамуының ақауы, бассүйек-ми жарақаты, ішкі сөлініс бездері жүйесінің аурулары;
  • Арнайы қарама-қарсы тексерулер жиі қолданылады;
  • Бүйрек пен несеп шығару жолының зақымдануы;
  • Гинекологиядағы рентген нақтамасы (гисторосальпингография);
  • Оториноларингологиядағы Шюллер және Майер бойынша рентген нақтамасы;
  • Офтальмологиядағы рентген нақтамасы (жас ағу жолдарының аурулары);
  • Көздегі бөгде денені анықтау;
  • Стоматологиядағы рентген нақтамасы

Эндоскопия кабинеті

Кабинет Жапонияның дүниежүзіне белгілі Fujinon, Pentax және OLYMPUS фирмаларының соңғы үлгідегі эндоскоп техникасымен жабдықталған. Гастроскопия кабинеті эндоскопия үшін Pentax ЕРК-1000 бейнепроцессорымен және Pentax EG-2790K,бейне гастроскоп негізінде бейнеэндоскопиялық жүйемен жабдықталған. Бұл аппарат алынған бейнені жоғары дәрежеде мониторға шығаруға және алынған суретті бөлшектеп, қарапайым оптикалық эндоскопта көрінбейтін дерт белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұнымен қатар алынған бейнені қағазға түсіруге де болады.
Эндоскопия кабинетінде өңеш, асқазан, ұлтабар, он екі елі ішек, тоқ ішек аурулары тексеріледі. Қажетіне қарай цитологиялық, гистологиялық зерттеу үшін материал алынады. Цитологиялық және гистологиялық зерттеулер ауру ошағын, анықталған дерт процесінің сатысын білуге мүмкіндік береді. Мысалы, ісікті анықтаса, оның қай тіннен дамығанын, өсу формасын, оның қатерлі дәрежесін тексереді.
Эндоскопия кабинеті ұжымы: 1 санатты эндоскопист дәрігер – Киреев Зиянша Джумабаевич, еңбек өтілі – 22 жыл. Эндоскопия кабинетінің медбикесі – 1 санатты медбике – Тналиева Уміт Искалиевна, 20 жыл жұмыс өтілі бар.
Медсестра кабинета эндоскопии первой категории, стаж работы - 20 лет.

Ультрадыбыстық допплерография кабинеті

Кабинет перифериялық қан ағымы параметрін тексеруге арналған Ресей өндірісінің "Ангиодин-К", кешенімен жабдықталған.
Бұл кешенде бастың артериялық қан ағымының параметрлері тексеріледі:
  • Бастың маңызды оман артериясының транскраниалды допплерографиясы;
  • Мойын тамырларын тексеру. Мақсаты – миды қанмен қамтамасыз ететін мойын қан ағымының параметрлерін анықтау;
  • Аяқ-қол оман артериясының қан ағымы параметрлерін зерттеу;
  • Аяқ-қол оман артериясын бөлшектеп қысым өлшеу. Мақсаты – толарсақ, тобық индексіне жететін артериалды қысымды есептеу;
  • 7 жастан асқан балаларды тексеру;
  • Көктамыр қан ағымын тексеру игерілу сатысында тұр.
Киреев Зиянша Джумабаевич – функционалды диагностика дәрігерінің осы саладағы еңбек өтілі – 12 жыл.

© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47