Медицинский центр - Физиотерапевтическое отделение
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

 

Физиотерапия бөлімшесін
1 санатты дәрігер СМГ басқарады – Салаватова Манчук Гарифуллиновна басқарады.

 

 

Физиотерапевтік (табиғи немесе жасанды шаралармен емдейтін) бөлімше

Физиотерапевтік бөлімшенің медициналық ұжымын I санатты дәрігер – Салаватова Манчук Гарифуллиновна - басқарады.

Біздің клиникада науқасты емдеуде жан-жақтылық принципі кеңінен қолданылады. Физиотерапевтік ем-шаралар әр түрлі ауру түрлерін кешенді емдеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Физиотерапевтік бөлімшеде Сіз өз таңдауыңыз бойынша турлі ем, тіпті жеке бағдарлама бойынша да физиотерапевтік ем аласыз. Алдыңғы қатарлы өндірушілердің жаңа үлгідегі құрылғылары мен жаңа әдіс-тәсілдер қауіпсіз, жайлы, тиімді ем қаббылдауға мүмкіндік береді.

Физиотерапевтік ем жағымсыз әсер бермейді, емделушінің органдары мен тіндеріне улағыш ықпалы жоқ. Емдеу курсы ағзаның қорғаныс күшін арттырып, жұмыс қабілеттілігін көтереді. Физиотерапевтік емнің басты артықшылығы: ағзаға дәрімен емдеу кезінде болуы мүмкін жағымсыз әсер физиотерапевтік ем алу кезінде болмайды.

Мұндай ем түрінің ерекшелігі:
  • Көптеген ауру түрлерін емдеудің уақытын айтарлықтай қысқарту;
  • Асқынған ауруларды емдеу;
  • Дәрі-дәрмекті қолдану тиімділігін арттыру;
Бөлімшеде барлық ем-шара физиотерапевт дәрігердің кеңесінен кейін жүргізіледі:
  • ЛОР органдары дерті (құлақтың созылмалы және жіті қабынуы, жоғарғы жақсүйек қойнауының қабынуы, көмейдің қабынуы, бадамша бездің қабынуы, мұрын қойнауының қабынуы);
  • Тірек-қозғалыс аппараты аурулары (буын шеміршегінің және сүйектің буынды табақшасының дистрофиялық зақымдануы, иық-жауырын буынының қабынуы, өкше өскіні, буын қалтаның қабынуы, бұлшықеттің қабынуы, жарақат немесе сынықтың салдары);
  • Жүрек-тамыр жүйесі аурулары (қан қысымының көтерілуі, вегета-тамыр ара қашықтығы, жүректің сазып ауыруы, қол-аяқ тамырларының атеросклерозы, көктамырдың кеңеюі);
  • Асқазан – ішек аурулары (асқазанның қабынуы, ұлтабардың ойық жарасы, өт қапшығының созылмалы қабынуы, тоқ ішектің қабынуы);
  • Бүйрек және несеп жолының аурулары;
  • Ер және әйел жыныс мүшелерінің аурулары;
  • Тері аурулары;
  • Нерв жүйесі аурулары (ұйқысыздық, бассүйек-ми жарақатының салдары, мидағы қан айналымының бұзылуы салдары, сал ауруы, т. б.)
Физиотерапевтік бөлімшеде жаңа әдістермен ем жасалады:
  • Омыртқа және буын ауруларында электрофорез
  • Ішкі органдар, диабет ауруларында «Полимаг-1» аппаратында серпінді магнитпен емдеу
  • Еркек жыныс мүшесі ауруларында лазермен емдеу
  • Тамыр ауруларында тамырішілік лазермен емдеу
  • Тамақ булау, деммен емдеу

Дәрімен емдеумен физикалық факторды үйлестіру емдеудің тиімділігін арттырады, кей жағдайда дәрі-дәрмек қабылдаудан мүлдем бас тартуыңыз мүмкін. Біздің бөлімшеде әр науқасқа, оның жай-күйі мен дерт анықтамасына қарай емдеу және қалпына келтірудің жеке бағдарламасы құрылады. Ал бұл аурудың асқынуына жол бермей, дер кезінде емделіп шығуға мүмкіндік береді.

© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47