Медицинский центр - Гинекологическое отделение
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

Бөлімше меңгерушісі,
жоғары санатты дәрігер
Билялиев Темирбулат Айдынович

Жоғары санатты дәрігер
Истаев Алибек Идельбаевич

Жоғары санатты дәрігер
Доскалиева Гулжауар Адиловна

1 санатты дәрігер
Абдуллаева Елена Викторовна

 

Гинекология бөлімшесі

«Медициналық орталық» ЖШС гинекология бөлімшесі 50 орынға есептелген, Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысының ересек тұрғындарына мамандандырылған медициналық қызмет көрсетеді.

Ұжымда 4 дәрігер еңбек етеді: бөлімше меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер – Билялиев Темирбулат Айдынович, жоғары санатты дәрігер – ординатор – Истаев Алик Идельбаевич, жоғары санатты дәрігер – ординатор – Доскалиева Гулжауар Адиловна, 1 санатты дәрігер – ординатор – Абдуллаева Елена Викторовна. Барлық дәрігерлер Алматы, Москва, Ақтөбе қалаларында білім жетілдіру курстарынан өткен.

Гинекология бөлімшесі соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған: Операциялық блокта "Karl Storz" және "Richard Wolf" фирмаларының толық құрал-саймандар жиынымен екi лапароскопиялық бағандары – іш қуысын тексеретін аспап орналасқан, сонымен бірге "Karl Storz" фирмасының гистерорезектоскобы бар. Лапароскопиялық операция жатырдан тыс жүктіліктен бастап жатырды алып тастау, түтікшедегі бедеулік, аналық без сары су ісігі жағдайларында жасалады. Ет өспесі түйінін, мүшенің шырышты қабығында болатын қатерсіз ісігін, жатыр мойнының ісігін, жатыр қуысындағы бөгде денені алып тастау үшін гистероскопиялық операциялар жасалады. 2006 жылы сатып алынған «Сургитрон» құрылғысының көмегімен жатыр мойнының жарасы, шырышты қабықтардағы ақшыл дақтар, жатыр мойнының кері дамуы, жатыр мойнының ісігі секілді дерт түрлері емделеді. Барлық дәрігерлер лапароскопиялық операция техникасын меңгерген.

Операциялық көмектен басқа стационарда жатырдың қабынуы, жатырдан қан ағу, балалық шақта немесе етек кірі тоқтаған кезде қан кету, түсік тастау қаупі, 20 аптаға дейінгі кезеңде жүктілік токсикозы секілді дерт анықтамасымен түскен науқастар дәрімен емделеді. Сонымен қатар бөлімшеде 12 аптаға дейінгі мерзімде түсік жасалады.

© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47