Медицинский центр - Лаборатория
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

1 санатты дәрігер
Афонина Алие Насирдиновна

1 санатты зертханашы
Мурашкинцева Тамара Борисовна

Врач-лаборант первой категории
Валиева Дина Мурзахметова

Лаборант высшей категории
Куташева Гульнара Баяновна

 

Иммунды ұйытқылап, ашытқылап талдау (ИФА) тәсілімен зертханалық нақтама

Зертхана 2005 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс жасайды, қызмет түріне рұқсат құжаты бар, СТ РК ИСО 9000-2001, 9001-2008 менеджмент сапа жүйесі талаптарына сай.

Зертхана ұжымы: 1 санатты дәрігер – Афонина Алие Насирдиновна, 1 санатты зертханашы – Мурашкинцева Тамара Борисовна.

Зертханада зерттеудің 40 астам түрі жүргізіледі.

Бүгінгі таңда ұсақ планшетті фотометр ("HUMAREADR SINGLE”, Германия), шейкер (Sky Line, Латвия) және вошердің (АҚШ) көмегімен төмендегі зерттеулер жүргізіледі:
  • Қалқанша без қызметінің төмендеуі, уытты шашыраңқы жемсау, түйінді жемсау, т. б. ауруларда қалқанша без гормоны (ТТГ, жалпы Т3, жалпы Т4, ерікті Т4, анти ТПО, анти ТГ);
  • Етеккір циклінің бұзылуы, денеден тыс ұрықтандыруға дайындық кезінде жыныстық гормондар (ФСГ, ЛГ, гипофиздің алдыңғы бөлігінің сүт бөлу гормоны, сары денешіктің гормоны, атабездің гормоны);
  • Қуық асты безінің және қуық түбі безінің ісігі, бауыр, сүт безі, аналық без ауруларында онкомаркер (жалпы ПСА, ерікті ПСА, АФП, СА 15-3, СА 125, РЭА);
  • Жұқпа, кесел (қарапайым ұшық вирусы, хламидии, микоплазмоз, ураеплазмоз);
  • Асқазанның қабынуы, ойық жарасы ауруларында хеликобактер пилори;
  • Тоғышар жұқпа (описторхоз – трематодоздар тобындағы бауыр құрт ауруының бір түрі, лямблиоз);
  • Созылмалы бадамша бездің қабынуы, ревматизм, буынның қабынуы, бүйрек және бүйрек түбегінің іріңді қабынуы ауруларында антистрептолизин «О» (АСЛО), ревматоид.фактор (РФ);
  • Бүйрек үсті безін тексеру кезінде – кортизол.
  • Мұнымен қатар В және С гепатитіне иммунды ашытқылау тәсілімен нақтама жүргізіледі.

Иммунды автоматты ашытқылау анализаторы «Персонал Лаб» (Италия) орнатылған. Бұл құрылғының артықшылығы:
  1. ашық жүйе (әр түрлі тест-жүйелер пайдаланылады)
  2. өнімділік пен уақытты үнемдеу
  3. қауіпсіздік және жұмыс сапасына сенімділік

Иммунды ашытқылап талдау нақтамасы үшін «Вектор Бест» (Новосибирск), «Алкор Био» (Санкт-Петербург) секілді алдыңғы қатарлы Ресей өндірушілерінің тест-жүйелері қолданылады.

Қан алу үшін қанды ауасыз кеңістікте алу (вакутейнер) жүйесі енгізілген.

Жұмыс сапасын бақылаудың көп сатылы жүйесі жолға қойылған: ішкі, зертхана аралық (Ақтөбе қаласының перинаталды орталығын қоса алғанда).

Зертхана бекітілген тұрғындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысады. ПЦР зертханасы ашылды, қазір игерілу сатысында. Амплификатор ДТ-96, Мәскеу қаласы, «НПО ДНК – Технология».

Талдауға қан алу жұмыс күндері сағат 08.00 – 10.00 аралығында емханада жүргізіледі. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Байланыс телефоны: 53-68-67 Зертханашы дәрігер – Афонина Алие Насирдиновна Зертханашы – Мурашкинцева Тамара Борисовна Зерттеу жұмыстарының құны – бекітілген бағатізбеге сәйкес.

Клиникалық нақтамалық зертхана (КНЗ)

Қызмет түріне рұқсат құжаты бар. СТ РК ИСО 9000-2001, 9001-2008 менеджмент сапа жүйесі талаптарына сай.

Зертхана ұжымы: зертхана меңгерушісі – Валиева Дина Мурзахметова, жоғары санатты зертханашы дәрігер, аға зертханашы – жоғары санатты ф./зертханашы – Куташева Гульнара Баяновна

КНЗ зерттеудің 80 астам түрін жүргізеді: клиникалық биохимия, иммунды ұйытқылап талдау, гематологиялық, бактерископиялық, жалпы клиникалық.

Халықаралық талаптарға сай, соңғы үлгідегі анализатор қолданатын жаңа технологияны енгізу зерттеу сапасының жоғарылауына алып келді.

  • Chem Well (АҚШ) биохимиялық анализаторы
  • Германияның гематологиялық анализаторы
  • Na/K/Cl (АҚШ) ион іріктегіш анализаторы
  • Микроскоп – 7 дана (АҚШ)
  • TS – 4000 коагулометрі (АҚШ)
  • Несеп анализаторы (АҚШ)
  • ЭШЖ анализаторы (АҚШ)
  • Зарарсыздауға дейін тазалайтын құрылғы
  • Қанның лейкоциттік өрнегін есептейтін аппарат
  • «Human» Германия, «Витал» Ресей, «Лахема» Чехия өндірісінің реактив жинағы пайдаланылады.

    Қан алу үшін қанды ауасыз кеңістікте алу (вакутейнер) жүйесі енгізілген. Вакутейнердің енгізілуімен қатар қайта талдау мен қателіктер саны азайып, зертханалық тексеру сапасы артып отыр. Биоматериалды алу, онымен жұмыс жасаудың қауіпсіздігі күшейді. Зерттеудің барлық түріне қалыпты үлгіге сай шаралар тізімі дайындалып, емделушілер үшін жаднама, зерттеудің қалыпты бағыттары, жолдама парағы дайындалып, зертхана қызметінің сапасын көтеру бағытында үлкен жұмыстар жүргізілді (сапаны бақылау алгоритмі). Батыс Қазақстан медициналық журналы беттерінде ішектің құр ауруын анықтау, зертхана ішілік жұмыс сапасын бақылау принциптері, талдау алды кезіндегі медбикенің ролі, зертхана құрылғыларын пайдаланудың тиімділігін көтеру жолдары, қалқанша без гормондарын тексеру, несеп қышқылының шоғырлануын анықтау тақырыптарына бірнеше қайтара мақалалар жарияланды.

    Нақтамалық зерттеудің міндетті шарты - дәл, шынайы нәтиже алу болып табылады. Мұндай жағдайда бақылау материалдары пайдаланылады: биохимиялық талдау үшін – біріккен қан сарысуы, биохимиялық анализатор үшін – құрғақ қан сарысуы, гематологиялық анализатор үшін – үш дәрежелі бақылау материалдары (төмен, қалыпты, жоғары). Зертхана ішілік сапа бақылауынан басқа зертханалық зерттеу сапасын зертхана аралық бақылау жолға қойылған (облыстық аурухана, жұқпалы аурулар ауруханасы, кардиоорталық, Ақтөбе қаласының перинаталды орталығы). Бұл, әрине, зерттеу жұмыстары сапасының жоғарылауына әкелді.

    Алдағы уақытта зерттеу сапасын сырттан бағалау шарасына қатысуды жоспарлап отырмыз. Талдауға қан алу жұмыс күндері сағат 08.00 – 12.00 аралығында емханада жүргізіледі. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Байланыс телефоны: 53-68-67 Зертханашы дәрігер – Валиева Дина Мурзахметовна Зертханашы – Куташева Гулнар Баяновна Зерттеу жұмыстарының құны – бекітілген бағатізбеге сәйкес.

  • © 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47