Медицинский центр - Неврологическое отделение
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

Бөлімше меңгерушісі
1 санатты невропатолог дәрігер
Токсанбаева Алмагуль Орынбасаровна

Жоғары санатты дәрігер
Сайпиев Рафик Захарович

1 санатты невропатолог дәрігер
Сарбалинова Гульнара Амантаевна

 

Неврология бөлімшесі

Неврология бөлімшесі 40 орынға есептелген.

Бөлімше меңгерушісі – 1 санатты невропатолог дәрігер – Токсанбаева Алмагуль Орынбасаровна. Ординатор дәрігер – жоғары санатты невропатолог – Сайпиев Рафик Захарович.

Бөлімшеде миға қан құйылу, бастың зақымдануы, мидың дертке ұшырауы, қояншық, талма, Паркинсон ауруларының әсерінен болған шеткергі жүйке жүйесінің ауруларын (буын шеміршегінің және сүйектің буынды табақшасының дистрофиялық зақымдануы, жүйкенің қабынуы, жүйке ауырсынуы) емдеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлімшеде уқалау және емдік дене тәрбиесі кабинеті бар, омыртқаға жақсы әсері бар өрісті орындық, омыртқаны уқалауға арналған үстел, омыртқаны тітеп созуға арналған швед жақтауы орнатылған.

Омыртқаны мөлшерлеп созуға арналған компьютері бар облыстағы жалғыз жапондық «Сакай» үстелі де неврология бөлімшесінде. Осы әдіспен ем қабылдаған Ресейдің жақын облыстары мен Орал өңірі тұрғындарының саны 1800-ге жетті.

Неврология бөлімшесінде көрсетілетін ем түрлері:

  • Қан айналымын тез жақсарту үшін сұйықтықты организмге енгізіп емдеу
  • Дәрімен емдеу. ҚР фармкомитеті рұқсат еткен дәрілік препараттардың барлық түрі қолданылады. Зердені жақсартатын және жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер пайдаланылады.
  • Инелі рефлекспен емдеу.
  • Омыртқаның буын шеміршегінің зқымдануы байқалғанда биологиялық белсенді нүктелерге дәріні бөгеу.
  • Дәрілік шөптермен емдеу.

Аствацатуров бойынша дәріні бөгеу әдісі қолданылады.

© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47