Медицинский центр - Офтальмологическое отделение
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

Бөлімше меңгерушісі,
жоғары санатты дәрігер
Есенбаев Нурболат Бекболатович

1 санатты дәрігер
Галиева Суфия Маратовна

1 санатты ординатор-дәрігер
Матаева Айгуль Сиражевна

 

Офтальмология бөлімшесі

«Медициналық орталық» ЖШС 50 орындық офтальмология бөлімшесі Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына, жалпы Қазақстанның батыс өңірі халқына кепілді медициналық көмекпен қатар ақылы негізде мамандандырылған медициналық қызмет көрсетеді.

Бөлімшеде Алматы, Москва, Санкт-Петербург, Уфа қалаларында білім жетілдіру курстарынан өткен офтальмолог дәрігерлер жұмыс жасайды: бөлімше меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер - Есенбаев Нурболат Бекболатович; 1 санатты дәрігер - Галиева Суфия Маратовна, 1 санатты ординатор-дәрігер - Матаева Айгуль Сиражевна, 1 санатты окулист - Кощанова Шолпан Кожаназаровна - емханада қабылдау жүргізеді.

Бөлімшеде суқараңғы, көз бұршағының қарауытып, қалыптан ауытқуы, алыстан көрмеушілік, жақын жітілік, көз торының нәрсізденуі, көру жүйкесінің семуі, қыли көз, көздің шырышты қабығына және қабаққа жасалатын жамау операциясы секілді ықшам хирургиялық операциялар жасалады. Көру жүйкесі ауруларында, жетілмеу немесе кері даму процесінде, көз қабығының қабынған зақымдануында, көз тамырлары ауруларында алдыңғы қатарлы фармацевтикалық технологияларды пайдалана отырып тиімді дәрімен емдеу әдісі жолға қойылған. Бөлімше жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған: 1. Алкон фирмасының көз бұршағының катарактасын ультрадыбыспен ұсақтайтын «UNIVERSAL 2» аппараты туа біткен және пісіп жетілмеген көз бұршағының қарауытуын емдеуде қолданылады. 2. Жетілген, асқынған катарактаны лазермен суырып, алып тастау үшін «Ракот VI М» кешені пайдаланылады. Катарактада саңылаусыз тілетін және бір мезгілде жұмсақ линза орналастыратын, операциядан кейін қысқа мерзім ішінде көз жітілігін қалыптастыратын кешенді С.Н.Федоров Санкт-Петербург қаласы инженерлерімен бірігіп құрастырған. Операция кезінде осы кешенмен бірге CARL CEISS (Германия) операциялық микроскопы қолданылады.

2010 жылдың қазан айынан бастап Францияда өндірілген, көз ұясының түбі және суқараңғыны емдейтін «Supra» сәулемен ұйыту лазерлік технологиясы енгізілді. Қолданылу аймағы: көздің торлы қабығының ісігі, көздің торлы қабығының нәрсізденуі, сары дақтың нәрсізденуі, көз торының кері дамуы, алыстан көрмеушілік (12 жасқа дейінгі балалар, 6 аптаға дейінгі жүкті әйелдер), көз торының бөлінуі, тамырда қан ұюы. Суқараңғыны лазермен емдеу тәсілдері: қақпашықтарды лазермен тіліп жамау, қақпашықты лазермен іріктеп белсенділендіру.

Көздің торлы қабығы мен көру жүйкесі ауруларында тамырланбау операциялары жасалады.

Жақын жітілік, алыстан көргіштік, шапыраштық, қыли көздік, т. б. көз түбі дертін емдеуде «Спекл» лазерлік аппараты қолданылады, көз бұршағының көруге икемделіп, жиырылуында «RELAX» әдісімен компьютерлік емдеу, инелі рефлекспен емдеу жолға қойылған. «Контур» және «Еуе» компьютерлік бағдарламалары көру қабілетінің төмендеуі және қыли көзділікті анықтап, емдеу үшін, қос көзбен көрушілікті қалпына келтіру және дамыту үшін қолданылады. Нақтамалық құрылғылардың қатарында көз торы мен көру жүйкесі дертін анықтайтын «Периком» компьютерлік периграфы, ультрадыбыстық А-, В- сканері (Жапония) бар. Бұл құрылғылар дертті қысқа мерзім ішінде анықтауға, емдеу тәсілін таңдауға, науқасты хирургиялық операцияға дайындауға, көз кемістігінің барлық түрінде мөлдір қабықтың сынуын және күшін анықтауға көмектеседі. Қыли көзділікті емдеуде СИНФ-1 синоптофор аппараты, «Еуе» және «Контур» компьютерлік бағдарламалары пайдаланылады.

Көздiң жас ағатын органдарының дертін емдеуде жас қабының қарама-қайшы суретін түсіру, т. б. емдеудің кешенді тәсілдері қолданылады. Жас қабының қабынуы жағдайында операцияның жаңа әдісі - «Шторц» фирмасының (Германия) эндоскоп аппаратында эндоскопиялық дакриоцисториностомия (медицина ғылымдарының кандидаты Истаев Азамат Рафхатович – ЛОР дәрігермен бірге) жасалады.

Бөлімшеде көздің қатерсіз қосалқы түзілімдеріне келіп-кетіп емделетін кіші операциялар жасалады.

Емханада тіркелген тұрғындарға және шаруашылық есепті негізде ересектер мен балаларға офтальмологиялық көмек көрсетіледі. Рефракция (сыну) бұзылыстарының барлық түрлерінде жанаспалы түзету немесе көзілдірік таңдап алу iске асады.

© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47