Медицинский центр - Отделение Оторинолярингологии
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана

Дәрігерлердің қабылдау кестесі

 


Постотпускные заболевания ЛОР -
телеканал "Россия"
Руденко М.В.


Насморк - "7 ТВ"
Руденко М.В.


Кашель - "7 ТВ"
Руденко М.В.

Бөлімше меңгерушісі,
жоғары санатты дәрігер
Искалиев Утеген Ихсанович

Жоғары санатты дәрігер
Истаев Азамат Рафхатович

2 санатты дәрігер
Дусумуб Наталья Михайловна

 

Оторинолярингология (ЛОР) бөлімшесі

Адам ағзасы қызметінде ЛОР мүшелерінің атқаратын маңызы зор. Мұрын тыныс алатын ауаны тазартып, өмірдің иісін сезінуге мүмкіндік береді. Алқым – ауа мен тамақты өткізетін, дауыс құралатын орын, төтемелілік жүйесінің маңызды звеносы – миндалинді сақтаушы. Құлақ қоршаған ортаны естуге мүмкіндік береді.

ЛОР мүшелерінің ауруы ұзақ уаықт еңбекке жарамсыздыққа алып келеді, егер:

  • мүлдем емделмесе
  • өз бетімен ем жасаса
  • ЛОР мамандарға тексерілмесе

Оториноларингология бөлімшесі 20 орынға есептелген.

Ұжымда 3 дәрігер еңбек етеді: бөлімше меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер Искалиев Утеген Ихсанович; жоғары санатты ординатор – Истаев Азамат Рафхатович; 2 санатты дәрігер – Дусумуб Наталья Михайловна.

  • ЛОР бөлімшесінде жоғары білікті мамандар, отоларингология саласындағы медицина ғылымының докторы, кандидаты, ЛОР ауруларын емдеу әдістерінің авторлары еңбек етеді.
  • Клиникада ауруды анықтау мен емдеуге арналған европаның ең соңғы үлгідегі құрылғысы, дерт анықтамасын дәл көрсететін және қалаған емделушіге ауруының мәнін көрсететін бейнеэндоскоп аппараты қолданылады.
  • Шектеусіз нақтылау мүмкіндігі, яғни қажеттілігіне қарай емделуші орталықтың кез-келген маман-дәрігерінен кеңес ала алады, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Емделушілер уақтылы ауруханаға жатып емделе алады.
  • Әр адамға көрсетілетін жеке қамқорлық пен жайлылықты сезіну ЛОР бөлімшесінің емделушілеріне жағымды әсер қалдырады.

Мұрын ауруларын анықтау, емдеу

  • Мұрынның шырышты қабығының созылмалы қабынуы, соның ішінде аллергиялық ринит. Тиімді дәрімен емдеу әдісі.
  • Мұрын қойнауларының қабынуы (гайморит, фронтит, этмоидит, сфеноцит). Инемен теспей емдеудің бірегей әдісі.

Алқым, тамақ ауруларын анықтау, емдеу

  • Физиотерапия жетістіктерін пайдалана отырып, бадамша бездің қабынуын, жұтқыншақтың қабынуын кешенді емдеу.
  • Бадамша бездің іріңдеуін, шиқан, сыздауықты ашу, тілу
  • Жоғарғы тыныс алу жолдарының тез өрбігіш жұқпасы
  • Эндоскоптың бақылауымен ауыз жұтқыншақ бөлімі мен көмекейден бөгде денені алып тастау
  • Дауыстың шықпауын, қарлығуын емдеу
  • Жедел және созылмалы көмейдің қабынуын емдеу (соның ішінде темекі шегушінің ларингиті)

Құлақтың ауруларын анықтау және емдеу

  • Құлақтың қабынуын, түйнеп ауыруын емдеу
  • Құлықты және бөгде денені жою
  • Дабыл жарғағының зақымдануын, іріңді отитті емдеу
  • Құлақтағы шу
  • Есту қабілетін жоғалту
  • Есту мүшесі дертін анықтаудың толық көрінісі

Сондай-ақ:

  • Дауыс пен есту қабілетін жоғалтқанда жедел көмек
  • Кіреберістік бас айналуын емдеу
  • Тамақты булау, көмекейге құю секілді физиоемдеу тәсілдері көрсетіледі
  • Жүкті әйелдерді бақылау, емдеу
  • 3 жастан асқан баланы емдеу
  • Қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызылады

Дәрігерлеріміз табысты емдеп жүрген ауру түрлері:

  • жоғарғы жақсүйек қойнауының қабынуы
  • маңдай қуысының қабынуы
  • торлы лабиринттің қабынуы
  • мұрын қуысының қабынуы
  • мұрынның шырышты қабығының қабынуы
  • аллергиялық ринит
  • құлақтың қабынуы, түйнеп ауыруы, дабыл жарғағы
  • жабысқақ отит
  • құлақтағы шу
  • баспа
  • бадамша бездің қабынуы
  • жұтқыншақтың қабынуы
  • көмейдің қабынуы
  • бадамша бездің іріңдеуі
  • құлақ мүкістігі, нашар естушілік
  • Меньер ауруы
  • жіті саңырау
© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47