Медицинский центр - Хирургическое отделение и урология
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

Бөлімше меңгерушісі,
жоғары санатты дәрігер
Избасов Асылбек Жаншиевич

1 санатты уролог дәрігер
Башембаев Хакимжан Максатович

Хирург дәрігер
Сергалиев Дамир Муратович

 
 

Хирургия бөлімшесі

«Медициналық орталық» ЖШС хирургия бөлімшесі 20 орынға есептелген. 4-5 орындық жалпы үлгідегі палаталармен қатар 1-2 орндық жайлы палаталар бар.

Хирургия бөлімшесінде іш қуысы, құрсақ қуысы мүшелеріне (өт-тас ауруы, жедел соқырішек, қарынның ойық жара ауруы), жарық болған жағдайда (шапта, санда, кіндікте, операциядан кейінгі), тік ішекке (тік ішек маңындағы шел майының қабынуы, қатерсіз ісік, көтеу), көктамырдың кеңеюіне, сүт безі және тері асты шелінен қатерсіз өсіндіні алып тастауға операциялар жасалады.

Бөлімше меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер – Избасов Асылбек Жаншиевич; 1 санатты уролог дәрігер – Башембаев Хакимжан Максатович; хирург дәрігер – Сергалиев Дамир Муратович.

Дәрігерлердің операциядан кейінгі жарықты емдеуде көп жылдық тәжірибесі бар, «Джонсон и Джонсон», «Ethicon» материалдарын кеңінен пайдаланып, жарықты емдеуде аутодермо және аллопластиканы қолданады. Шәуһет шылбыры көктамырының түйінделіп кеңеюі, жедел соқырішек, өт-тас ауруын емдеуде лапароскопиялық операцияларды қолданады. Бөлімше ұжымының тік ішек ауруларын (тік ішектің сызаты, көтеу) және көктамырды сылып тастау, тамыр жұлдызшасын жою секілді көктамыр ауруларын емдеу тәжірибесі мол. «Сургидрон» аппаратынын комегімен терінің қатерсіз ісігі мен мүшенін шырышты қабығында болатын қатерсіз ісігі жойылады. Тік ішек ауруларын анықтауда колоноскопия – эндоскоп аппараты қолданылады.

Хирургиялық ауруларды анықтаудың қазіргі қолданылатын әдістері: эндоскоп аппараты (ФГДС, РРС, ФКС), ультрадыбыстық зерттеу (іш қуысы, құрсақ қуысы мүшелері, сүт безі, қалқанша без), жалпы клиникалық және биохимиялық талдау, рентген сәулесі арқылы зерттеу.

Урология

Урология – клиникалық медицинаның ерлер мен әйелдердің несеп шығару жүйесінің ауруларын, ерлердің жыныс мүшелерінің ауруларын зерттейтін саласы. Ерлер урологиясы қуық түбі безінің қабынуы, қуық асты безінің ісігі, несеп ағардың қабынуы, қуықтың қабынуы, атабездің қабынуы, күпек терісі және үрпінің қабынуы, аталық без қосалқысының қабынуы, ұрықсыздық, қозу әрекетінің бұзылуы, тез шәуһет шығару, хламидиоз, жыныс мүшесі ұшығы секілді ауруларды қамтиды. Әйелдер урологиясы қуықтың қабынуы, несеп ағардың қабынуы, бүйректің қабынуы, несептің тоқтамауын анықтап, емдейді.

Сізді уролог дәрігер – Башембаев Хакимжан Максатович қабылдап, төмендегі урологиялық ауру түрлерін «Karl Storz» және «Richard Wolf» эндоскоп аппаратын пайдаланып емдеу жолдарын ұсынады:

  • жедел немесе созылмалы бүйрек және бүйрек түбегінің іріңді қабынуы
  • жыныстық жолмен таралатын жұқпа, кесел
  • ұшықтың 1, 2 және 6 типі
  • несеп шығару жүйесінің қатерлі ісігі
  • несеп жолындағы тас
  • созылмалы қуық түбі безінің қабынуы
  • несеп шығару жолдарының қабынуы
  • қуық асты безінің ісігі
  • жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі
  • қозу әрекетінің бұзылуы
  • ұрықсыздық
  • шәует шығарудың бұзылуы
  • атабез қабығының шемені
  • шәуһет шылбыры көктамырының түйінделіп кеңеюі
  • үрпі бұғауы
  • еркек жыныс мүшесінің қисайып, майысуы
  • қуықтың созылмалы қабынуы
  • әйелдерде несептің тоқтамауы, шыжың (автордың әдісі)
Тексеру мен емдеудің қазіргі тәсілдері:
  • Зертханалық тексеру. Біздің орталықта Сіз барлық тексеру, талдау түрінен өте аласыз: В және С гепатитін, сифилис, ВИЧ секілді жұқпа, кеселді жедел анықтау; ДНК (ПЦР) анықтамасы; несеп және жалпы клиникалық, биохимиялық қан талдауы; гормонды тексеру;
  • Аспаптық тексеру: несеп жолы жүйесі мүшелерін УДТ, допплерография, цистоскопия (қуықты тексеру), урофлоуметрия (төменгі несеп жолының бұзылуын анықтау тәсілі), цистометрия (бейімделу қабілетін, қуық рефлексін анықтау әдісі);
  • Урологиялық және андрологиялық ауруларды емдеу курсы; Бұл жағдайда мамандар лазер демеуішін, физиотерапияны, дәрі-дәрмек терапиясын, сылау, уқалау, озонмен емдеу, т. б. қолданады. Мұнымен қатар урологиялық аппаратпен емдеу жолы бар. Урологиялық физиотерапия пайдаланылады. Бүгінгі таңда магнитті-лазерлі терапия, ЛОД-терапия (қарсы көрсетілімі болмаған жағдайда) құрылғысы нағыз кәсіби аппарат болып есептеледі.
  • Жыныс мүшелері жұқпаларында және қайталаған ұшық вирусы кеселінде төтемелілікті (иммунитет) қалпына келтіру
  • Урологиялық операциялар: сүндетке отырғызу, шәуһет шылбыры көктамыры түйінделіп кеңеюі, атабез қабығының шемені, әйелдерде несептің тоқтамауы (гинеколог дәрігермен бірге), қынапты жамау, гель енгізу, аналық без қосалқысының ісігі, жыныс мүшесіндегі сүйелді жою, ұрықсыздандыру, уақытынан бұрын шәует шығару, еркектің жыныс мүшесін жамау, еркектің жыныс мүшесінен бөгде денені алу.
Қызмет көрсету құны: (Скачать прайс-лист):
  • Урологтың бірінші қабылдауы – 2000 тенге.
  • Урологтың қайта қабылдауы – 1000 тенге.
© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47