Медицинский центр - Отделение общей терапии
Басты бет
Форум
Өзіміз туралы
Дәрігерлер
Мекен - жай, телефон
Біздің бағалар
"Медициналық орталық" ЖШС
Көп бағдарлы клиника. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19 үй
 
Тіркеу орны:
(7112) 53 73 96
(7112) 53 68 94
E-mail:
medical_centr@mail.ru
 
Стационар
Емхана
Біздің Видео
 YouTube - тан қарау
- тан қарау
 
Дәрігерлердің қабылдау кестесі
 

Бөлімше меңгерушісі,
1 санатты дәрігер
Хайрошева Назгуль Маратовна

1 санатты ординатор дәрігер
Мендешева Аида Валиуллиновна

 

Жалпы терапия бөлімшесі

«Медициналық орталық» ЖШС терапия бөлімшесі орталықтың ең қажетті қызметінің бірі. Терапия бөлімшесі мамандарының біліктілік санаттары бар, клиникалық ординатурада оқып, семинар, дәріс сабақтарына үнемі қатысып өз білімдерін жетілдіріп отырады.

Емделушілер ең алдымен терапевт маманның тексеруінен өтетіндіктен, терапевт дәрігер медицина ғылымының барлық саласынан хабардар болуы тиіс. Дәрігер алдына келген науқасты толық тексеруден өткізіп, қажет болса – ауруханаға жатқызып, ем тағайындайды, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын береді.

Бөлімше меңгерушісі, 1 санатты дәрігер – Хайрошева Назгуль Маратовна , Мендешева Аида Валиуллиновна – 1 санатты ординатор дәрігер.

Терапевт дәрігерлер мына ауру түрлерін анықтап, ем жасайды:

  • Жүрек – тамыр аурулары (жүректің сазып ауыруы, қан қысымының көтерілуі, жүрек бұлшық етінің дерті, тамыр тонусының құбылмалылығы);
  • Тыныс алу органдары аурулары (кеңірдекшенің қабынуы, кеңірдекше демікпесі, өкпенің қабынуы);
  • Ас қорыту жолының аурулары (ойық жара, асқазанның қабынуы, ұйқы безінің қабынуы, ішектің қалыпты микрофлорасының өзгеруі, өт қапшығының қабынуы);
  • Несеп шығару жүйесінің аурулары (шыжың, бүйрек пен бүйрек түбегінің іріңді қабынуы, несептас ауруы);
  • Қаназдық;
  • Тірек-қозғалыс аппараты, бұлшық ет және дәнекер тіндер аурулары

Терапия бөлімшесі емделушілері нақтамалық зерттеулердің барлық түрін пайдалана алады:

  • Рентген сәулесімен тексері (кеуде қуысын, ас қорыту жолын, тірек – қозғалыс жүйесін);
  • Ультрадыбыстық тексеру (іш қуысын, құрсақ қуысын, кіші жамбасты, сүт безін, лимфа түйіндерін, қалқанша безді, қол-аяқ тамырларын, ми артериясын, жалпақ бас артериясын, ЭХО кардиография, ЭКГ);
  • Эндоскопиялық зерттеу;
  • Зертханалық тексеру (клиникалық, биохимиялық, сарысуды зерттеу)

Қажетіне қарай терапевт тексерудің қосымша әдістерін тағайындап, науқасты басқа мамандарға жолдайды.

© 2011 Медицинский центр Телефон (факс): (7112) 53-74-47